top of page

«Жылы жүрек» атты қайырымдылық акциясы

«Алғыс айту күні» аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының Әкелер кеңесі «Жылы жүрек» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Аталмыш акцияға әкелер кеңесінің мүшелері мен ерікті жандар белсенді қатысты.

Қайырымдылық шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету, көмек қолын созу. Әкелер кеңесі көмекке мұқтаж отбасыларды анықтады. Осы отбасыларға азық-түлек себеті, балаларға арналған сыйлықтар мен ақшалай сертификат табыс етілді.

Әкелер кеңесі жалғызбасты көпбалалы әкелерге қолдау танытты. Тағдыр тәлкегіне тап болып, жан-жары қайтыс болған әкелер бүгінгі күнде бес баланы бір өздері асырап отыр. Акция қатысушылары кішкентай бүлдіршіндер мен олардың асқар тау әкелеріне жылы лебіздері мен тілектерін білдірді.


Недавние посты

Смотреть все
Айбын-2025

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Айбын-2025” ХІ Халықаралық әскери - патриоттық жасөспірімдер жиынының Шымкент...

 
 
 

Comments


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,

Керей және Жәнібек хандар көшесі 30

Қабылдау бөлімі 

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі 

Туризм, экология және техника бөлімі 

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі 

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі 

Бухгалтерия 

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2024 ж.

bottom of page