«Жаңа Қазақстанның тірегі - Айбынды жастар» акциясы
- Rumsdo rumsdo
- 26 сент. 2023 г.
- 1 мин. чтения
🔹Абай өңірінде Қорғаныс ведомствосының ақпараттық-түсіндіру тобы оқу орындарының оқушыларымен әскери-патриоттық жұмыстар жүргізуде.
🔹«Жас Сарбаз» қозғалысы қорғаныс ведомствосының өкілдерімен Семей қаласының орта мектептерінде болып, ерлік сабақтарын өткізді.
🔹Әскерге дейінгі жастар мен әскерге шақырылушылар үшін Әскери-тарихи мұражайдың экспозициялары, қару-жарақ пен әскери техника көрмесі ұйымдастырылды.
🔹Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблі және Ұлттық Ұлан Ансамблі хорының қатысуымен оқушыларды концерттік бағдарламасымен қуантты.
🔹 Ақпараттық-түсіндіру тобы Шығыс Қазақстан облысында өз жұмысын жалғастыратын болады.
Comentários