top of page

«Жас қозғалыс инспекторлары» XXI слеті өткізілді.

2022 жылдың 11 сәуірінде «Өркен» балалар шығармашылығын дамыту орталығының аумағында «Халық қаhарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған аудандық «Жас қозғалыс инспекторлары» XXI слеті өткізілді. Слетқа 11 мектептің жас инспекторлары қатысып, өздерінің дайындықтарын көрсетті. Нәтижесінде жүлделі І орынды «Иван Трубицын» атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы, ІІ орынды №44 жалпы орта білім беретін мектебі иеленсе, ІІІ орынға М.Жылысбаев атындағы №14 және В.Савва атындағы №9 мектептерінің жас инспекторлары ие болды. Сонымен қатар 6 номинация бойынша үздік жас қозғалыс инспекторларына бағалы сыйлықтар тарту етіліп, топтарды алғыс хаттармен марапаттады.




bottom of page