Ағымдағы жылға қарашада Астана қаласында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының оқу-әдістемелік жиыны аясында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант М.Қ.Таласовтың және генерал-лейтенант С.Б.Қамалетдиновтың төрағалығымен арнайы жиын өтті.
Жиын барысында «Жас Сарбаз» әскери патриоттық қозғалысы РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Әкімжан Төлебай Қызылорда облысының атқарылған жұмыстары жайлы баяндама жасап, өңірдегі әскери-патриоттық бағытта атқарылған жұмыстарын көрсетті.
Атап айтатын болсақ, соңғы 2 ай ішінде, Сыр өңірінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің базасында 500-ге жуық студент-жастар қамтылып, «Ерлік сабағы», «Әскери-қолданбалы спорт» бағытында түрлі шаралар ұйымдастырылған.
Алдағы уақытта робототехника бағыты бойынша «Smart sarbaz» және алғашқы медициналық көмек «Саламатты Жас Сарбаз» бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Comments