top of page

«ЖАС САРБАЗ» ҚОЗҒАЛЫСЫ 100 БАЛАҒА ЕРЕКШЕ КЕШ СЫЙЛАДЫ


«Жас сарбаз» қозғалысы «SOS балалар ауылының» тәрбиеленушілеріне ерекше кеш сыйлады. Оларды кинотеатрға апарып, бірге мультфильм тамашалады. Шараға бас-аяғы 100 бала қатысты. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектер мұнда жаңа достар тауып, естен кетпес күн өткізді. Отбасы күніне орай ұйымдастырылған игі іске кәсіпкерлер демеушілік жасаған. Шара соңында балаларға дастархан жайылды. Айта кетейік, «Жас сарбаз» қозғалысының құрамында ел бойынша 300 мыңға жуық оқушы бар. Елордада олардың саны 8 мыңнан асады. Асхат Налшыбек, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы қалалық филиалының төрағасы: - Бұл мереке дәстүрлі түрде жылда аталып өтеді. Мұнда біз отбасылық құндылықтарды, балардың бір-біріне деген мейірілімділік, сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Отбасы күні жылда дәстүрлі түрде аталып отыр. SOS қалалар ауылынан 50 бала алынды және «Жас сарбаз» қозғалысынан 50 бала, жалпы саны 100 бала.



コメント


bottom of page