Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының он финалисіне дипломдар табысталды.
- Rumsdo rumsdo

- 27 окт.
- 1 мин. чтения
2025 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) «Қазақстан өңірлерінің экономикалық және әлеуметтік дамуының жаңа көкжиектері» тақырыбындағы Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының он финалисіне дипломдар табысталды.
Бағдарлама жас зерттеушілер мен сарапшылардың кәсіби өсуіне, олардың аналитикалық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
Осы беделді жобаның финалистерінің бірі – біздің орталықтың қызметкері Сатанов Арыстан Болатович!
�Біз әріптесімізді зор қуанышпен құттықтаймыз және алдағы ғылыми ізденістерінде табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!








Комментарии