Мұғалім ісі қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі. Тәлімгер деген құрметті атаққа ие болудың өзі – бір бақыт. Тәлімгер – өмірлік тәжірибесі мол, нағыз еңбекқор, ізде німпаз, ұшқыр ойлы маман. Тәлімгер – тәлім-тәрбие беріп, бағыт-бағдар көрсетуші, бар адами қасиеттерді бойына жиған талантты адам. Бүгінгі таңдағы тәлімгердің жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері ұшан теңіз. Тәлімгер – жетелеуші, алға ұмтылдырушы!
1 – Наурыз Алғыс айту күні қарсаңында Қызылорда облысы, Қызылорда қаласындағы «П.Д. Осипенко атындағы №8 орта мектебінің базасында «Жас келсе, іске!» тақырыбында жас мамандар, тәлімгерлер арасында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында Абилкасимова Тәтті, Әбдиева Гүлмира, Омарбаева Ақмарал, Койшибаев Абзал бастаған тәлімгерлер жас мамандарға өздерінің кәсіби біліктіліктерімен, түрлі әдіс-тәсілдерімен, теориялық білімдерімен бөлісті. Осы іс-шарада жас мамандар тәлімгерлердің еңбектерімен таныса отырып, өздерінің де шығармашылық тұрғыдағы ізденістерін арттырды.
Kommentare