top of page

ЕЛІМІЗДЕ СПОРТТАН МЫҚТЫ МЕКТЕП ПЕН КОЛЛЕДЖ АНЫҚТАЛЫП ЖАТЫР


Еліміздегі ең мықты спорт мектебі мен колледжі. Жасөпірімдерді жаттықтыратын мекемелер.

Талдықорғанда осындай атақты сарапқа сала бастады. Мәдениет және спорт министрлігінің кубогін иеленуге 17 спорт мектебі мен колледждің оқушылары қатысып жатыр. Олар бокс, дзюдо, еркін және грек-рим күресінен сонымен бірге таэквондодан сынға түсті. Шығыс жекпе-жегі биыл бұл турнирге алғаш рет қосылды. Мұндай шешім әлемнің алты дүркін чемпионы Мұстафа Өзтүрік негізін қалаған спортты дамыту мақсатында қабылданды. Командалар 4 топқа бөлініп, айналмалы жүйе негізінде өзара мықтыны анықтайды. Жеңімпаз атанған команда министрліктің кубогін иеленеді. Үздік үштікке 10 млн теңге табыс етіледі.

Ғазиз Серікбаев, ҚР МСМ Спортты дамыту дирекциясының басқарма басшысы:

- Өткен жылы кубогіміз бірінші рет өтті. Ол жерде 350 спортшы қатысты. Биыл бір спорт түрі қосылды. Сонымен қатар 450 спортшы қатысып жатыр. Осы жарысымыздың негізгі мақсатыспорт мектебінде оқитын жас дарындарды анықтау және мамандандырылған спорт мектебі арасындағы бәсекелестікті арттыру.



Comments


bottom of page