top of page

Елордада «Ұлы дала» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды



Елордада «Ұлы дала» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Шығармашылық сайыс «Nur Otan» партиясы мен Қазақстан Жазушылар одағы арасындағы ынтымақтастық аясында ұйымдастырылған. Байқауда 400-ге жуық шығарма сараланды. Оның 300-ден астамы іріктеліп, aikyn.kz сайтында жарияланды. Қатысушылар «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Көркем фильм мен телесериал сценариі», «Балаларға арналған шығарма» атты 5 аталым бойынша бақ сынаған.

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

2014 жылы біздің съезімізді өткізген кезде партияның саяси бағдарламасын қабыл алдық. Сол кезде тұңғыш рет руханият, төл мәдениетіміз, отбасы құндылықтарды экономикадан да жоғары қойдық. Рух мықты болмаса, ешқандай экономика дамымайды.

Commenti


bottom of page