top of page

Елордада туристер үшін ақпараттық QR-кодтар пайда болды


Туристерге арналған брошюралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылған. Карта-схемалар мен нұсқаулықтар туристерге қаланы өз бетінше аралауға және елордада тиімді уақыт өткізуге көмектеседі.

Әр брошюрада көңіл көтеретін және тамақтанатын және көруге тұрарлық туристік орындар тізімі жазылған. «Сондай-ақ, сайтта тақтайшадағы QR-кодты сканерлеу арқылы кіруге болатын туристік нысандар көрсетілген.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті әкімдікпен бірлесіп, барлық модульдік бекеттерде QR-кодтары бар тақтайшалар орнатуда. QR-кодта қаланың нысандары мен картасы туралы барлық қажетті ақпарат бар. Туристік полиция қызметкерлерінің негізгі міндеті – туристер мен қонақтарды қызықтыратын сұрақтар бойынша ақпараттандыру, халық көп жиналатын мәдени нысандары мен көрікті жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету», - делінген министрлік хабарламасында. Қала әкімдігінің қолдауымен «Бәйтерек», «Қазақ елі» монументтері, «Ғашықтар саябағы» мен ЭКСПО көрме орталығы аумағындағы «туристік полиция бекеттері орнатылды, оған тек шетелдіктер ғана емес, қала тұрғындары мен басқа өңірлерден келген қонақтар да бар.

«Күн сайын туристік полиция жасағына шет тілдерін білетін екі қызметкер түседі және оларға тәулігіне орта есеппен 25-30 өтініш түседі.

Туристерді көбінесе навигация, бір орыннан екінші орынға жету жолдары, қонақ үйлер, қаланың негізгі көрікті жерлері, көші-қон полициясына бару және тағы да басқа мәселелер жиі толғандырады», - дейді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/elordada-turister-ushin-akparattyk-qr-kodtar-payda-boldy_a3832519

Comentários


bottom of page