Дәстүрлі ән айту мектептерінің өңірлік ерекшеліктері және оқыту әдістемесі
- Rumsdo rumsdo
- 12 апр. 2023 г.
- 1 мин. чтения
2023 жылы 11 сәуір Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығы білім беру ұйымдарының педагогтеріне және бейіні бойынша мамандарға арналған «Дәстүрлі ән айту мектептерінің өңірлік ерекшеліктері және оқыту әдістемесі» республикалық біліктілікті арттыру курсының 7 күні.
Бүгінгі дәріскерлер: Мажен Ерлан Қалмақанұлы, дыбыс шығару, дыбысталу және актерлік шеберлік техникасымен таныстырды; Төлен Қайырғазы Әшімбекұлы, музыкалық аспаптарда ойнаудың кәсіби-орындаушылық дағдыларын қалыптастыруын үйретт; Абуова Нуржахан Ермагамбетовна, білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларымен таныстырды. Жұмабай Сәуле Жұмабақызы, дәстүрлі ән мектептерінің өңірлік ерекшеліктері жайлы айтты; Қабыл Арнат, балаларға қосымша музыкалық білім беудегі құзыреттілікке бағытталған білімімен бөлісті.
Курс тыңдаушылары дәріскерлердің өткізген сабақтарында белсенділік танытып, өздерінің теориялық және практикалық білімдерін жетілдіріп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Comments