Дәстүрлі ән айту мектептерінің өңірлік ерекшеліктері және оқыту әдістемесі
- Rumsdo rumsdo
- 5 апр. 2023 г.
- 1 мин. чтения
2023 жылғы 05 сәуір күні қашықтық форматта қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен бейін бойынша мамандарына арналған «Дәстүрлі ән айту мектептерінің өңірлік ерекшеліктері және оқыту әдістемесі» республикалық біліктілікті арттыру курсының 3 күні өтуде. Курс ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысы бойынша ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Республикалық курсқа еліміздің әр өңірінің білім беру ұйымдарынан қосымша білім беру педагогтері қашықтық форматта қатысуда. Курс үш топта өтуде: 75 қатысушы қатысып отыр.
Дәріскерлер біліктілікті арттыру курсының теориялық және практикалық сабақтарын өткізеді. Курс сабақтары өте қызықты өтуде. Дәріскерлер түрлі технологияларды қолдана отырып, дәрістер ұйымдастыруда. Тыңдаушылар сабақта өткізілген педагогикалық тренингтерге белсене қатысып, өз ойларын жеткізе білді. Алдағы күндері тағы да қызықты дәрістер күтілуде. Біліктілік арттыру курстары педагогтердің кәсіби даярлығын арттырып, өз ісін жоспарлай алуына, өзінің нақты мақсаттарын болжап, шеберліктерін шыңдауына маңызы өте зор.
Comentarios