top of page

"Дәстүрлі ән айту" курста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл дәрістер оқытылды

2021 жылғы 3 маусым ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ҚР БҒМ тапсырысы бойынша балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог кадрларына арналған «Дәстүрлі ән айту: игеру технологиясы және орындау ерекшелігі» біліктілікті арттыру курсының 4 күнінің теориялық және практикалық сабақтарын қашықтық форматында өткізуде. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Раимбаев Данияр Исраилұлы «Білім беру ұйымдарында жемқорлыққа қарсы күрес шаралары» тақырыбында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог кадрларына дәріс оқыды. Дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңнама мен білім беру ұйымдарына қатысты нормативтік құқықтық актілер туралы сөз қозғалды.


コメント


bottom of page