top of page

«Дәстүрлі ән айту: игеру технологиясы және орындау ерекшеліктері» біліктілікті арттыру курсы

2021 жылғы 31 мамыр күні Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ҚР БҒМ тапсырысы бойынша «Дәстүрлі ән айту: игеру технологиясы және орындау ерекшеліктері» біліктілікті арттыру курсын бастады. Курс мемлекетіміздің әр өңірінен қатысатын 150 тыңдаушыға өткізілуде. Музыка мен өнер мектептері, оқушылар мен жасөспірімдер сарайынан қатысатын қосымша білім беру педагогтеріне арналған курсқа Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ ұлттық өнер университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары мен дәстүрлі халықтық ән өнерінің майталмандары дәріс оқиды.


Comments


bottom of page