Азиялық келбетімен әлемді мойындатқан Алла Ильчун туралы фильм Алматыда таныстырылды.
«Алла – Шығыстан шыққан Dior-дың маржаны» атты деректі фильмнің премьерасы. Kinopark 11 Esentai кинотеатрында өтті.
Алла Ильчун туралы деректі фильм – жазушы, дипломат Берлин Иришев еңбегінің жемісі. Ол өткен ғасырдың ортасындағы сән әлемінің жұлдызын зерттеп, қаны қазақ екенін дәлелдеді. Кристиан Диордың музасы туралы 4 кітап жазды. Тарихи деректер мен 7 мемлекеттің мұрағатындағы таспаланған бейнелерді жинақтап деректі фильм түсірді.
Берлин Иришев, фильм продюсері әрі режиссері:
- Дүниежүзілік маркамен байланысты болған тарихты өзгерту өте қиын. Ол үшін ткөп еңбек жасау керек. Сондықтан біз фильмді ұстап тұрдық. Францияның көзқарасын біліп, Диордың өзі бізді қолдап, Сосын мына Қытайдан шыққан кітап бойынша біздің фильмінің бәрі растап шығарылды. Берлин Иришевтің айтуынша, Алланың жалғыз ұрпағы Марк Парижде тұрады, бұрын әскери болған, қазір фотограф болып жұмыс істейді. Фильмде сондай-ақ Алламен араласқан, бірге қызмет еткен достары, әріптестері, француз және ресейлік танымал өнертанушылар бой көрсетеді.
Жанна Кан, фильмнің демеушісі:
- Өткен ғасырдың ортасына дейін тек қана Еуропалық модельдер ғана сән көрсететін. Қазақтан шыққан Алла Ильчунның арқасында жоғары сән әлемінде Азиялықтар пайда болды. Оның қазақ қызы болғаны біз үшін мәртебе. Ал Берлин Иришевтың еңбегінің арқасында еліміздің аты әлемге жаңа қырынан танылды.
Автордың айтуынша, фильм үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде әртүрлі мемлекеттерден жинаған құжаттар қамтылды. Екінші бөлімде сән үйлері ұсынған кадрлар, фотолар мен Алла киген киімдер ұсынылған. Үшінші бөлім бұрын Алла туралы беймәлім болған ақпараттарды қамтиды.
Comments