top of page

Дебат клубын ұйымдастыру әдістері

2021 жылғы 5 сәуірде «Мектеп Парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Дебат клубын ұйымдастыру әдістері» тақырыбында вебинар өткізілді.

Вебинар барысында ҚР БҒМ РҚБОӘО Қазақстан Республикасының дебаттық қозғалысын дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің сарапшысы Теңсізбек Шыңғыс Айдарбекұлы қатысушыларға пікірсайыс өткізудің ықтимал форматтары, мектептерде пікірсайыс клубтарын құру тетіктері туралы айтып берді.




Comments


bottom of page