2022 жылғы 1 наурыз. ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы курстан кейінгі қолдау жұмысының аясында «Қосымша білім беру ұйымындағы тайм-менеджмент» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарға балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың басшылары мен педагог кадрларына арналған «Балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі менеджмент» біліктілікті арттыру курсының 20 тыңдаушысы қатысты.
Модератор:
Ахатай Элмира Оралбекқызы, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер орталығы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Спикерлер:
1. Каржаубаева Нурбану Есмахановна, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы атындағы ауылындағы аула клубының директоры.
2. Мамутов Махсет Толесинович, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы Мұрат Өскенбаев атындағы балалар музыка мектебінің директоры.
3. Алданазарова Даметкен Нургалиевна, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласындағы №1 Балалар музыка мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
4. Борамбаева Карлыгаш Усербаевна, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Отар ауылындағы Балалар шығармашылығы және тәрбиелеу орталығы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
5. Қобландина Гүлмира Нұрғалиқызы, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласындағы Оқушылар сарайы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
6. Оракбаева Дилара Жолдасбаевна, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы «Оқушы» орталығы директорының міндетін атқарушы.
Қосымша білім беру педагогтері «Балаларға қосымша білім беру жүйесінің басқару тиімділігін арттыру», «Қосымша білім берудегі ұлттық мәдениет», «Қосымша білім беру ұйымының инновациялық моделі», «Білім берудегі инновация бүгіні мен болашағы» «Қазіргі білім берудегі трендтер, лайфхак», «Балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі жаңа тәсілдер», «Тайм-менеджмент» - басқарудың басты кепілі» тақырыптары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинардың соңы рефликсиямен аяқталды, әр қатысушы алған дағдылары мен білімі туралы өз пікірін білдіруге мүмкіндік алды.
Comments