top of page

Вебинар «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты ұйымдастыру іс тәжірибесімен бөлісу»

«№22 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де 2022 жылдың 1 ақпаны күні «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты ұйымдастыру іс тәжірибесімен бөлісу» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарға «Инклюзивті аралас оқыту» тақырыбында курстан өткен мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар Бөлегенова Сұлушаш «Оқушыларға инклюзивті білім беру іс - тәжірибемнен» және Химеденова Нұржамал «Проектирование современного урока для инклюзивного обучение» тақырыбында баяндамаларын оқып, оқушыларға инклюзивті білім берудің тиімді жолдарын өз әріптестерімен бөлісті.

«Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді. Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын беріңіздер» деген болатын В.А. Сухомилинский. Вебинар соңында әріптестер өз пікірлерімен бөлісіп диалог құрды. Мектебіміздегі инклюзивті білім беруді талап ететін оқушылардың сабақтағы іс- әрекеттері, тапсырмаларды орындауы, өз деңгейіндегі сыныптастарымен бірге дамуы жөніндегі ой пікірлерін ортаға салды. Қазіргі таңда ұстаздың негізгі мақсаты - әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, ерекше білімді қажет ететін оқушыларды анықтау, балалардың оқу үрдісіндегі қажеттілігін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпындыру. Олай болса вебинар өз мақсатына жетті. Әріптестерімізге әр уақытта сәттілік тілейміз.



コメント


bottom of page