top of page

«БҰРАҢ БЕЛ-2022» БИШІЛЕР БАЙҚАУЫ


2022 жылдың 26 сәуір күні Жетісай аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен балалар жылына орай аудандық «БҰРАҢ БЕЛ-2022» БИШІЛЕР БАЙҚАУЫ БОЛЫП ӨТТІ.

Мақсаты, жасөспірім би топтарының репертуарлық жұмыстарын жаңарта отырып, шығармаларын шыңдау, олардың шығармашылыққа деген талпынысты арттырып, дамуына қолдау көрсету және дәстүрлі би өнерін жаңғыртып, жаңа би ұжымдарын елге таныту болып табылады. Байқауға, Жетісай ауданына қарасты қала, кент, ауылдық округтерден

9 би тобы қатысты. 1.«Көктем арулары» би тобы - Қызылқұм а/о, №58 ЖОМ 2.«Айжұлдыз» би тобы - Қазыбек би а/о, №16 Ж.Саурбаева ЖОМ 3.«Балдәурен» би тобы - Ж.Ералиев а/о, Арай ауылдық мәдениет үйі 4.«Арай» би тобы - Асық ата кенті, Асықата мәдениет үйі 5.«Шаттық» би тобы – Жетісай қаласы, №4 Абай мектеп-гимназиясы 6.«Тұмар» би тобы - Жаңа ауыл а/о, Мырзашөл ауылдық клубы 7.«Еркеназ» үлкен және кіші би тобы - Қазыбек би а/о, №19 Аманкелді ЖОМ 8.«Аяна» би тобы - Жаңа ауыл а/о, Атақоныс ауылдық мәдениет үйі.

Үміткерлер ереже талаптарына сәйкес 2 шарт бойынша өз өнерлерін ортаға салды. I-ші шарт: «Қазақ халық биі». II-ші шарт: «Өзге ұлт билері». Аталған ережелер бойынша қазылар алқасының төрайымы «Нұр-Асықата» бөбекжай балабақшасының ән-саз жетекшісі, хареографы-Дина Қасымбекова,

Қазылар алқасының мүшелері: Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының хареографы-Қарлығаш Букеева және«Бірлік» ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы, хареограф-Тұрсынай Мүсіркеп болып бекітілді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша; I орын Қазыбек би а/о, №19 Аманкелді ЖОМ-нен «Еркеназ» би тобы. II орын Асықата кенті, Асықата мәдениет үйінен «Арай» би тобы және Қызылқұм а/о, №58 ЖОМ-нен «Көктем арулары» би тобы. III орын Жетісай қаласы, №4 Абай мектеп-гимназиясынан «Шаттық» би тобы мен Жаңа ауыл а/о, Мырзашөл ауылдық клубынан «Тұмар» би тобы иеленді.

Белсене қатысқаны үшін: Қазыбек би а/о, №16 Ж.Саурбаева ЖОМ-нен «Айжұлдыз» би тобы, Ж.Ералиев а/о, Арай ауылдық мәдениет үйінен «Балдәурен» би тобы, Жаңа ауыл а/о, Атақоныс ауылдық мәдениет үйінен «Аяна» би тобы және Қазыбек би а/о, №19 Аманкелді ЖОМ-нен «Еркеназ» кіші би тобы марапатталды.

Comments


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page