top of page

Білім саласының кәсіподақ мүшелері арасында ШАХМАТ пен ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ жарысы өтті

​ Бүгін аудан орталығындағы аудандық «Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде» Ақжайық ауданының білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелері арасында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай шахмат пен тоғызқұмалақтан аудандық жарыс өтті. Байқаудың мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорт түрлерін насихаттау, спорттық ойындарды қолдайтын педагогтерді анықтау, оларға қолдау білдіру. Байқауға қатысушыларды бағалау, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау мақсатында білім саласының қызметкерлерінен қазылар алқасы құрылды.

Байқауға 18 білім беру мекемелерінен 70-ке жуық қызметкерлер қатысты.

Байқаудың қорытындысында ШАХМАТТАН ерлер арасында:

І орынды М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Медеуов Қазбек Бақтығалиұлы;

ІІ орынды Алмалы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Тельбаев Тұрар Әділжанұлы;

ІІІ орынды Тайпақ жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Бірлесов Біржан Бірлесұлы және Жаңажол негізгі орта мектебінің мұғалімі Рахматуллиев Бақытжан Қазиұлы;

қыздар арасында:

І орынды М.Абдулов атындағы негізгі орта мектебінің мұғалімі Акимгалиева Айгүл Сәрсенбайқызы;

ІІ орынды М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Есмакова Ақмарал Хамматқызы;

ІІІ орынды М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Базарова Айнара Жамбылқызы және Жаңабұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Тоғайбай Қарлығаш Манасқызы иеленді;

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ерлер арасында:

І орынды Жайық негізгі орта мектебінің мұғалімі Турсинов Серік Шегетұлы;

ІІ орынды Бітік мектеп-бөбекжай кешенінің мұғалімі Темірбулатов Әділбек Таирұлы;

ІІІ орынды О.Исаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Бисенов Асхат Бақытжанұлы және Сарытоғай жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Ақнажимов Нұржан Жебегенұлы;

қыздар арасында:

І орынды М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Кенеева Надежда Бақтығалиқызы;

ІІ орынды №1 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Кустаубаева Жұмагүл Серікқызы;

ІІІ орынды Жаңабұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Қыстаубаева Нұргүл Мырзабайқызы және Тінәлі негізгі орта мектебінің мұғалімі Ибатолла Әсем Қуандыққызы иеленді.

Жеңімпаздарды аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бекмулдин Ерболат Мұратқалиұлы мен аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Үмбеталиев Максим Жаншаұлы құттықтап, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Жеңімпаздар ағымдағы жылдың қараша айында Орал қаласында өтетін облыстық кезеңіне жолдама алды.

Барлық жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтаймыз!

Дереккөзі: https://www.facebook.com/100011165220540/posts/pfbid08fAzE5z6dvWrqHqv2TgiGkouRArayG8b2jbwtCjpEVB9V63ne141MME5jZiS7b6wl/?mibextid=Nif5oz

bottom of page