Мухтарова Раушан Заировна, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, «Қайнар» білім беру кешені, қосымша білім беру педагогі
Мақаланың толық нұсқасымен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.ziyatker.org/zhurnalkosymshabilim
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы «Қайнар» білім беру кешенінде «Балбұлақ» студиясының басты міндеттерінің бірі – балалардың ой-өрісін, іс-қимылын жан-жақты дамыту болап табылады. Бұл баланың іс әрекетінің қалыптасуымен дамуы қуаттылықпен жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңнің бірі. Бұл кезеңде балаларға берілетін білім ең алдымен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс. Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепке дейінгі мекемелерде оқыту мәселесін де заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа технологиялармен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр, сондықтан әрбір педагогтің алдына оқытудың жаңа технологияларын оқыту үрдісіне енгізу мақсаты қойылып отыр. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмысды білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті, тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді меңгеру. Балалардың есте сақтауына бұл әдіс өте тиімді болды. Ол баланың пәнге қызығушылығын арттырып, интеллектуалдық, шығармашылық белсенділігін, дарындылығын арттыра отырып, даму бағытына сәйкес іздемпаздылыққа, сыни тұрғыда ойлана отырып ірекет жасады және интербелсенді тақтамен жұмыс жасау дағдылары қалыптасты. Оқу үдерісіне эмоцияларды кіріктіруде «Edutainment» тұжырымдамасын қарастыруға болады.
Comments