Бүгін 03.03.2023 ж. ҚР Оқу-ағарту министрлігі РҚББОӘО-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес біздің орталықтың жұмыс тобының құрамына алғаш рет Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Фарида Сағындық енгізілді.
Өздеріңіз білетіндей, нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объективтілік, шынайылық, ашықтық және жан-жақтылық қағидаттарында жүргізіледі.
Сондықтан жұмыс тобының басты мақсаты-құқықтық мониторингті сапалы жүргізуді қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды одан әрі жою үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының алдын ала қорытындыларын талқылау сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар жасау фактілеріне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейтеді, орталық қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін ұдайы арттыруға мүмкіндік береді және оның қызметін одан да ашық етеді.
Comments