top of page

Біз Отанды қорғаймыз

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы жолдауында әскери-патриоттық тәрбиеге аса қатты мән берген болатын. Осыған орай Елбасының бастамасымен елімізде «Жас сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Бүгінде мемлекетіміздің барлық аймақтарында «Жас сарбаз» қозғалысының маңыздылығы жайлы ақпарат кеңінен насихатталуда. Елбасы өз сөзінде «Біз отанымызды қорғай алмасақ, шекарамыздың шебінде тұра алмасақ еліміз өсіп өркендемейді. Істеп жатқан шаруаның барлығы жастар үшін, болашақ үшін.» - деген болатын, сондықтан біздер үшін «Жас сарбаз» жобасын жүзеге асыру ең басты мақсат.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Жас Сарбаз» төрағасының кеңесшісі Айдархан Махамбеттің айтуы бойынша, 2019 жылдың қаңтарында «Жас сарбаз» қозғалысына қатысушыларының саны 74 602 адамды құраса 20 шілдеде 174 471 адамнан асты. Жарты жылдың ішінде 99 869 «Жас сарбаз» қатарға қосылды.

Жоба аясында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша әртүрлі 516 ісшара өткізілді. Оларға 500 000 астам жастар қатысты.



Comments


bottom of page