19 сәуір күні “Қайнар” білім беру және бос уақытты қамту кешенінде үш кәсіпке дейінгі мектеп: Денсаулық мектебі, аспаз-кулинар мектебі, шаштараз шеберлігі мектебінің қатысуымен “Болашақты бірге таңдаймыз” атты жоғары сынып оқушыларының форумы өтті. Форумда 60 жоғары сынып оқушылары қамтылды. Іс-шараның мақсаты жоғары сынып оқушыларын аспаз, шаштараз, медицина қызметкері мамандықтары, жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу сияқты кәсіптердің жастар арасында оң имиджін қалыптастыру сияқты қоғамда сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби бағдарлау болып табылады. Форум бағдарламасында үш блок бойынша кросс-сұрақ болды: тіршілік қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек және жалпы эрудиция. Одан әрі аспаздық, шаштараз өнері, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша “Менің мамандықтағы алғашқы бастамам" мастер-класстары өтті. “Менің шабытым” шығармашылық байқауында кәсіби дайындық мектептерінің командалары ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын көрсетті. Балалар бейне клиптер, бейнероликтер түсіріп, слайдтық презентация дайындады. Форум “Педагогикалық өсу алаңы” педагогикалық рингімен аяқталды. Кәсіби дайындық мектептерінің педагог-басшылары Горохова Валентина Владимировна миға арналған гимнастика (нейробика) өткізді, Скурская Ирина Борисовна - геометриялық тест, Сорокина Зинаида Викторовна “Қара жәшік” ойын-тестін өткізді.
Сарапшылар тобының құрамында “Қайнар” кешенінің педагогтары мен әдіскерлері бар. Орындар келесідей бөлінді: 1 орын Шаштараз шеберлігі мектебі; 2 орын Денсаулық Мектебі; 3 орын Аспазшы мектебі. Балалардың мамандық таңдауы саналы түрде болуы керек. Бұл адамның “мен қалаймын, өз мүмкіндіктерім - қолымнан келеді, қоғамның осы мамандыққа қажеттіліктері - қажет” деген сияқты жеке ұмтылыстарын ескеретін таңдау. Таңдау сендердікі, балалар.
Comments