«БАТЫР ПАРТАСЫ» ОБЛЫСТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ЖОБАСЫ
- Rumsdo rumsdo
- 12 дек. 2023 г.
- 1 мин. чтения
Қостанай облысы, Федоров ауданы Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте «Батыр партасы» акциясы жалғасын тапты. Осы аптада парта Сталинградта қаза тапқан Ұлы Отан соғысының қатысушысы, жерлесіміз Құдайқұл Ордабаевтың есімімен аталды.
Партаға отыру құрметіне 9 сынып оқушысы, оқу үздігі, белсенді, баскетболшы, «Жаным» мектеп би ұжымының мүшесі, «Абай жаңғақтары PRODUCTION» мектеп медиа-тобының қатысушысы, мектеп парламентінің Спорт және СӨС фракциясының көшбасшысы - Нұркин Азат ие болды.
Эстафетаны қабылдай отырып, Азат 6 сынып оқушыларына Құдайқұл Ордабаевтың өмірбаяны туралы айтып берді.
Comments