Қостанай облысы, Жамбыл ауылындағы Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінде «Балдәурен» атты жазғы психологиялық қолдау алаңы жұмыс атқаруда, оған 12 оқушы қатысады.
«Балдәурен» психологиялық алаңы - бұл балалардың көркем-әлеуметтік шығармашылығын дамытуға, сауықтыруға арналған кеңістік. Бұл балалар бос уақытында өздерінің мүмкіндіктерін, жеке және физикалық формадағы қажеттіліктерін жүзеге асыратын орын.
Педагог-психолог М.М. Каримскакова балалардың психологиялық денсаулығын жақсарту, күшін қалпына келтіру, нығайту және өмірлік маңызды дағдыларды игеру үшін барлық жағдайды жасайды.
Алаң әр балаға өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі қалпына келтірудің жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік береді.


コメント