top of page

Балалар қоғамдық бірлестіктерінде балаларды әлеуметтендіру әдістері

2023 жылдың 08 маусым күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ҚР Оқу-ағарту министрлігі тапсырысы бойынша балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен бейіні бойынша мамандарына арналған «Балалар қоғамдық бірлестіктерінде балаларды әлеуметтендіру әдістері» біліктілікті арттыру курсының 4 күнінің теориялық және практикалық сабақтарын қашықтық форматында өткізуде.

Бүгін қозғалған тақырыптар білім беру ұйымдарында өзін-өзі басқару органдарының даму келешегі, коммуникативтік қасиеттерді дамыту бағдарламасы, коммуникативтік ойындар жайында болды.

Оқу сабақтары кезінде тыңдаушылардың оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін инновациялық педагогикалық технологиялар мен жаттықтырушылық құралдарды пайдаланады.

Курс тыңдаушылары өз біліктіліктерін арттырып, сондай-ақ тәжірибе алмасып отыр.


Comments


bottom of page