top of page

БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ӘЛЕМІН АШАМЫЗ!

🙌🏻Құрметті ата-аналар мен жас суретшілер!

❗ҚР Оқу –ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Алтын глобус» Халықаралық білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік, ғылыми-инновациялық академиясы» ЖШС тапсырысы бойынша 2024 жылғы 8 қаңтар мен 18 наурыз аралығында «Наурыз-жыл басы» балалар суреттерінің республикалық байқауын қашықтан өткізді.

✔️2024 жылғы 8 қаңтардан 18 наурызға дейін біздің 7-17 жас аралығындағы жас дарынды суретшілерімізге-жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім алушыларға - өздерінің шығармашылық әлеуетін ашуға, туған жеріне және ұлттық дәстүрлерге деген сүйіспеншіліктерін білдіруге бірегей мүмкіндік берілді

🎨Барлығы 7 322 жұмыс келіп түсті, оның 5 800-і конкурсқа қатысу үшін іріктелді. Қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша жеңімпаздар болып I, II, III дәрежелі дипломдар алатын 800 қатысушы, ал олардың жеткешілеріне алғыс хаттар тағайындалды. Байқаудың барлық қатысушылары қатысқаны үшін сертификаттарын https://www.ziyatker.org/ сайтынан жүктеп алады

✨«Наурыз-Жыл басы» балалар суреттері байқауы балалардың көркем шығармашылығы мен олардың таланттарының жан –жақтылығын білдіретін жарқын үлгісі болып табылады. Байқау балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту үшін арналған ЖАРҚЫН АЛАҢ!



Comments


bottom of page