
Ғылыми-тәжірибелік орталығының туризм және өлкетануды дамыту бөлімі 2021 жылы 12 тамыз күні «Балалар-жасөспірімдер туризмінің дамуы» тақырыбы бойынша ZOOM платформасында қосымша білім беру педагог қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінің №3 секциялық жұмысы өткізілді.
Секциялық отырыста қосымша білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогтері, жалпы орта білім беру мекемелерінің туризм және өлкетану бағытындағы үйірмелерінің жетекшілері, дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысып, өзара пікір алмасып, жұмыс барысында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Жұмыс алаңында Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығының директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Саванчиев Баглан Темирович «Балалар туризмі – өскелең ұрпақты тәрбиелеу құралы», Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығының бөлім меңгерушісі Испулатов Даулеткелды Зиядаевич «Жаяу және тау туризмінің ерекшеліктері», Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығының географиялық өлкетану үйірмесінің жетекшісі Саржевская Лариса Георгиевна «Исследовательская деятельность в учреждениях дополнительного образования», Еңбекшіқазақ ауданы балалар мен жасөспірімдер туристік және экскурсия орталығының қосымша білім беру педагогы Бүтімбаева Жанаткүл Машанқызы «Креативті тұлғаны дамытудағы үйірме жұмыстарының рөлі», Еңбекшіқазақ ауданы балалар мен жасөспірімдер туристік және экскурсия орталығының қосымша білім беру педагогы Шишулина Светлана Юрьевна «Роль краеведения в развитии современной личности», Талғар ауданы жас натуралистер станциясының қосымша білім беру педагогы Жданкова Татьяна Олеговна «Комплексный подход в экологическом образовании юннатов», Талғар ауданы жас натуралистер станциясының қосымша білім беру педагогы Воробьева Валентина Николаевна «Региональный компоненты экологии» атты тақырыптарында шебер сыныптарын өткізді.
コメント