top of page

Балаларға экологиялық білім берудегі STEAM-технологиялар


2023 жылғы 31 наурыз. ҚР Оқу-ағарту Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы курстан кейінгі қолдау жұмыстары аясында «Балаларға экологиялық білім берудегі STEAM-технологиялары» тақырыбында Республикалық вебинар өткізді.

Вебинарға «Қосымша білім беру арқылы оқушыларды экологиялық тәрбиелеу әдістері» біліктілікті арттыру курстарының 20 тыңдаушысы қатысты.

Модератор: Салпина Коркем Ерлановна, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қалалық балалар шығармашылығы мектебінің қосымша білім беру педагогы, «Биоэкология» үйірмесінің жетекшісі.

Қозғалған тақырыптар: «Қосымша білім беруде экологиялық тәрбие беруде іс-тәжірибе алмасу; «Білім беру мекемелерінде экологиялық білім және тәрбие беру жүйесі», үйірмешілердің көзқарасымен» шеберлік дәріс; «Білім беру мекемелерінде экологиялық білім және тәрбие беру жүйесі» практикалық дәріс; «Балалар мен жасөспірімдерге экологиялық-биологиялық бағыттарында бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру», теориялық сабақ.


Comments


bottom of page