top of page

«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың қажетті шарттары» курсының 4-күні

ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ҚР БҒМ тапсырысы бойынша қашықтан оқыту форматында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог кадрларына арналған

«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың қажетті шарттары» біліктілікті арттыру курсының 4 күнін өткізуде.

"Уақытша балалар бірлестігінің теориясы мен практикасының психологиялық-педагогикалық негіздері" тақырыбын дәріскер - Байжуманова Бибианар Шаймерденовна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, психология кафедра доцентінің міндетін атқарушы, психология ғылымдарының кандидаты өте қызықты, әрі практикалық тұрғысынан керемет түсіндіріп жұмыстануда.

"Тәлімгердің педагогикалық стиліндегі тұлғаға бағытталған тәсіл. Тәлімгерлік шеберлік негіздері" тақырыбын дәріскер - Орынбаева Эльмира Ережеповна, Алматы қаласы, №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, педагогикалық ғылымдар магистрі өте жоғары деңгейде және қызықты формада түсіндіруде.


Comments


bottom of page