«Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру жағдайында «Ақындар айтысы» сайысын өткізу жоспарланып отыр. «Ақындар айтысы» сайысы – бұл еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге міндеттелген үлкен жоба.
Ақындар айтысының мақсаты: қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашылық жастарды анықтау.
Осы жоба аясында №2 өнер мектебінің дәстүрлі ән бөлімінің мұғалімдері М.Абдықадыр мен З.Жакешова, А.Қожамуратов, Г.Қазкенова, Н.Мейрхан ақындар айтысын өткізу жұмыстары бойынша жоспарларын құрып, дайындықты бастап кетті. Балаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, айтыс өнері туралы мағлұматтар берді.
コメント