top of page

АҚТАУДАҒЫ МЕКТЕПТЕ БИЛИНГВАЛДЫ СЫНЫПТАР АШЫЛАДЫ


Таяу арада Ақтаудағы №7 мектеп-лицейде билингвалды, яғни қостілді сыныптар ашылады. Қазір француз тілі пәнінен аптасына 1 рет факультатив сағаты жүріп жатыр. Оған 5-6 сыныптардың 60-қа жуық оқушысы барады. Жеткіншектерге Францияда тағылымдамадан өткен ұстаздар сабақ береді. Оқушы санының артуына қарай алдағы уақытта дәріс уақытын ұзарту жоспарда тұр. Білім ұясына Қазақстандағы Франция елшілігінің өкілі арнайы барып, балалармен еркін форматта пікір алмасты.

Факультатив сабағы балаларды француз тілінде еркін тақырыпта сөйлеуді үйретеді. Сөздік қоры молайған соң математика, физика, химия, биология пәндерін қазақ және шет тілде қатар оқи бастайды. Айзия мен Гүлзия Нұртазиналар – білімге зейінді оқушылардың бірі. Егіздердің француз тілін меңгеріп жүргеніне жарты жылдан асқан.

Айзия Нұртазина, оқушы:

- Мектепті үздік аяқтаған түлектерді Францияның жоғары оқу орындарына түсуіне мүмкіндік берілуі бізді қызықтырады. Екеуміздің арманымыз бір. Еуропа елдерінде дамыған медицина саласын зерттеп, тіс дәрігері болғымыз келеді.

Мектеп-лицейдің 2 мұғалімі былтыр Францияның Виши қаласында 10 күндік тағылымдамадан өтіп келген. Оларды Клермон-Ферран университетінің ұжымы арнайы шақырыпты. Ақтаулық ұстаздар математика және француз тілі пәндерін оқыту бағдарламасымен танысып, тәжірибе жинақтаған. Францияның Қазақстандағы елшілігі өкілінің сөзінше, бұл – пилоттық жоба. Екіжақты келісімшарт негізінде әзірге Астана мен Алматыда жүзеге асып жатыр. Енді бұл тізімге Ақтау қаласы қосылды.

Ксавье ле Торривеллек, Францияның Қазақстандағы елшілігінің аймақтық атташесі:

- Жоба аясында әлемнің бірқатар елінде билингвалды сыныптар ашылды. Бүгін Қазақстан бойынша 3-ші білім ошағында өз жұмысын бастағалы тұр. Келешек математика, тағы басқа пәндердің мемлекеттік және француз тілінде қатар өтетіндігі бізді қуантады. Үздік ұстаздар мен оқушылардың Франциядағы жоғары оқу орнында білім алуы үшін қолдауға дайынбыз.

Шараның маңызды бөлімі балалардың шетелдік дипломатпен емін-еркін тілдесуі болды. Жас буынды Еуропа елінің оқу бағдарламасы, ас мәзірі, тіптен футбол командасы аса қызықтырды. Оқушылар сұрағының француз тілінде қойылуы елшілік өкілін тәнті етті. Кейбір сауалға әзілмен жауап қайырып, сөз соңында жеткіншектерді шет тілін үйренуге шақырды.



Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

留言


bottom of page