top of page

Ақмола облысында «Үздік қосымша білім беру ұйымы» байқауы өтті

Ағымдағы оқу жылында алғаш рет «Үздік қосымша білім беру ұйымы» І облыстық байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі міндеті қосымша білім беру ұйымдарының үздіктерін анықтау, тиімді педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру болды.

Байқауға 11 ұйым қатысты: Аршалы а. балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, Аршалы а. жас техниктер станциясы, Бурабай ауданының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, «Көкшетау дарыны» дарынды балалармен жұмыс орталығы, Зеренді ауданының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, Жарқайың ауданының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, Көкшетау қ. «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, Степногорск қ. балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, Көкшетау қ. балалар музыка мектебі, Есіл ауданының балалар музыка мектебі, Жарқайың ауданының балалар музыка мектебі.

Байқау қорытындысы бойынша Бурабай ауданының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы үздік ұйым болып танылды.

Орталық ұжымын құттықтаймыз, кәсіби қызметте табыс, шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен жоғары нәтижелерге ие болуларына тілектеспіз, биік шыңдарда көріне беріңіздер.


Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

Comments


bottom of page