Республикада 1109 әскери-патриоттық клуб жұмыс атқарады, онда 7416 оқушы шұғылданады. Оқу процесіне заманауи оқыту технологияларын, ойын әдістерін енгізуді, әскери-патриоттық тәрбие бойынша іс-шараларды әскери-қолданбалы және техникалық спорт түрлерімен ұштастыра үйлестіруге мүмкіндік береді.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан щығарылғанының 32 жылдығына арналып Атырау облысында әскери-патриоттық клубтар арасында онлайн- робототехника жарыстары өтті. Байқау: «Әскери робототехника» және «Қару-жарақтың, әскери техниканың үлгілері» екі номинация бойынша өтті. Байқау барысында Атырау облысының білім беру мекемелерінің әскери-патриоттық клубтары мен «Жас сарбаз» сыныптарының 32 тәрбиеленушісі өз үлгілері мен макеттерін таныстырды.
Байқаудың көптеген қатысушылары робототехника, 3D модельдеу және схемотехника курстарын қашықтан оқу үстінде. Олардың арасында болашақта еліміздің қорғаныс өнеркәсібіне үлес қосатындар бар екеніне сенімдіміз.
Аталған іс-шараның ұйымдастыруына «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының Атырау облыстық филиалының жетекшісі Нұрлан Елеуовтың еңбегі зор.


Comments