top of page

«Атамекен» БЖТжЭО қалалық семинар-тренинг өткізді.

«Атамекен» БЖТжЭО-ғы «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және мектептегі туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастыру» атты қалалық семинар-тренинг өткізді.

Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы биылғы 2022 жылды « Балалар жылы» деп атады. Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және мектептегі туристік-өлкетану жұмысының әдіс- тәсілдерін ұйымдастыру мақсатында «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және мектептегі туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастыру» атты қалалық семинар-тренингтың өткізілді. Семинар-тренингке Орал қаласының білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтары қатысты. «Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмінің әдіскері Куркембаева Ақмарал Жолдыбайқызы семинар-тренигке келген қатысушыларды 2021-2022 оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жазғы мезгілде жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын, Атамекен стационарлық лагері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жазғы лагердің құжаттарын «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына сай жинақтаулары туралы айтып өтті. Қатысушылар мен ұйымдастырушылар арасында кері байланыс жүргізіліп, «Атамекен» БЖТжЭО психологы Сарсенова Жанаргуль Сансызбайқызы психологиялық тренинг өткізді. Психологиялық тренингтен кейін туризм бөлімінің меңгерушісі Махбуов Аян Болатұлы туралы су жорығы түсіндірме жүргізді. Түскі астан кейін су жорығына шықты. Семинар-тренинг осымен өз мәресіне жетті.




Comments


bottom of page