top of page

«Астана көктемі» жылдық шығармашылық концерті өтті

2023 жылғы 25 сәуір күні Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының сахнасында №1 Балалар музыка мектебінің «Астана көктемі» атты жылдық шығармашылық концерті өтті. Кеш барлық көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады. Шығармашылық концерттің шымылдығын қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бүлдіршіндері күйден шашу шашты. Алғаш 1991 жылы ашылған өнер ордасы елордалық балалар мен жасөспірімдердің музыкалық, эстетикалық қабілеттерін қалыптастырып, дарынын ұштап, қабілетін дамытып келеді. Осы уақытқа дейін талай белестерді бағындырып, көптеген жетістіктерге жеткен атаулы мектепте бүгінгі күні музыканың сан түрлі саласы бойынша мыңнан аса бала өз өнері мен білімін шыңдауда. Түрлі сахнаның төрінен көрініп, өз өнерлерін паш етіп жүрген шығармашылық ұжымның қала мәдениетіндегі орны бөлек. Өнерлі өрендері де қалалық, республикалық, халықаралық додаларда бәйгелі болып, қол жеткізіп жатқан жетістіктері де аз емес. Дарынды жастарымыздың шығар тұғыры биік, бағындырар асулары көп болсын! Шығармашылық ұжымға жемісті еңбек, толайым табыстар тілейміз!


Comentários


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page