Ағымдағы жылдың 03-04 шілде күндері аралығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті мен Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Қарасай ауданында орналасқан «Арман дала» лагерінің базасында «АДАЛ ҰРПАҚ, ПАРАСАТТЫ ЖАСТАР - ӘДІЛЕТТІЛІК ЖОЛЫНДА» облыстық слеті өткізілді.
Аталған слетке Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Г. Исағұлова және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А. Мамыт оқушыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Слет қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте I орын Ұйғыр ауданы, «Friends» командасы (300.000 теңге), II орын Жамбыл ауданы, «Тәуекел» командасы (200.000 теңге) және III орынды Еңбекшіқазақ ауданы, «Жастар» командасы (150.000 теңге) иеленді.
Сонымен қатар «Креатив», «Жемқорлыққа төзбеушілік үлгісі», «Саналы ұрпақ үлгісі», «Парасаттылық үлгісі», «Адалдық сақшысы» номинациялармен марапатталып, диплом, алғыс хат пен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Comentarios