top of page

«Арайлы Ақтөбе-туған өлкем!»

2021 жылдың 6 мамыр күні Қалалық жас туристер стансасы мен Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры ұйымдастыруымен Қалалық жас туристер стансасының 50 жылдығына және 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған «Арайлы Ақтөбе-туған өлкем!» облыстық жас экскурсовод онлайн байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты:

- Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу;

- Оқушылардың туған өлкесі, тарихи мәдениеті және рухани мұрасын қастерлеуге үйрету. Байқауға «Тарихы терең, табиғаты көркем - Ақтөбем!» номинациясы бойынша жалпы облыс және қала бойынша мектептер мен мектептен тыс мекемелерден қатысты.

Оқушылар туған өлкесінің туристік маршруттары бойынша бейнероликтер түсіріп жіберді.

Байқау қорытындысы бойынша:

І орын – "teenagers_news_21" телестудиясы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясы, Алиева Жансулу Қалалық жас туристер стансасы.

ІІ орын – Рамазанова Анаргүл "Ембі қаласы жанындағы интернатпен №7 ЖОББМ" КММ, Қонарбай Зере №45 ОМ, Ерзақ Нұрталап Қалалық жас туристер стансасы.

ІІІ орын – Бауыржанқызы Мақпал Темір ауданы Н.Байғанин атындағы мектеп-балабақшасы, Танибергенқызы Арайлым, Несіпбай Гүлзат және Амантаева Аружан Қалалық жас туристер стансасы.

Байқау нәтижесі бойынша жүлделі орын иегерлері Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры және Ақтөбе қалалық жас туристер стансасының атынан дипломдар мен мадақтамалармен марапатталды.




Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

コメント


bottom of page