top of page

Антыңа адал бол, Жас сарбаз!

Еліміздің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін әскерге алынған әрбір азаматтың өмірдегі ең маңызды қадамдарының бірі — Әскери ант қабылдау. Әскери ант —жауынгердің Отанына, халқы мен оның заңды сайланған Президентіне, Үкіметі мен өзінің әскери борышына адалдығы, серті. Сарбаз атанып, Отан қорғау—әр ер-азаматтың парызы. Кешегі Жас жеткіншек бүгінгі 6654 әскери бөлімінің Үздік мергені қатардағы Жалгасов Сагынган Жақыпбекұлының әскери ант қабылдап тұрған сәті.

Жас жеткіншектер бір ай бойы әскери өмірге төселіп, қатаң тәртіпке үйренеді. Енді олар түрлі батальондарға бөлініп, әскери борышын өтейтін болады. Осылайша, олар ел тәуелсіздігінің тұтастығын, бейбіт күннің тірлігін кірпік қақпай күзетеді.

«Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» деген рухты ұрандар әскери бөлімнің саптық алаңында әлі де жаңғыруда.



Kommentare


bottom of page