2021 жылғы 28 қаңтарда Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен облыстық жастар жобасын іске асыру аясында мектеп оқушылары арасында қашықтықтан облыстық пікір-сайыс турнирі өткізілді. Турнир ZOOM платформада Американдық Парламенттік (American Parliamentary Debate) форматы бойынша өтті. Турнирге мектепішілік, аудандық және қалалық кезеңдерінің жеңімпаздарынан барлығы 37 команда (қазақ лигасы -21 команда, орыс лигасы - 16 команда) қатысты. № 9 ЖББОМ «Ұшқын» командасы және № 4 ЖББОМ «Жігер» командасы Балқаш қаласының намысын қорғады. Американдық форматтағы парламенттік пікірсайыс-бұл логика, ақыл-ой және риторика саласындағы жарыс. Ойынның бұл форматы Балқаш балаларына сөздік шайқастың жаңа түрінде өз күштерін сынап көруге мүмкіндік берді. Жеңілгеніне қарамастан, Балқаш командалары өздерінің үздік шешендік және көшбасшылық қасиеттерін көрсете алды.
top of page
bottom of page
Comentarios