top of page

«Алтын қазына» республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңі

2022 жылғы 13 қыркүйек күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен І.Қабылов атындағы №12 ІТ мектеп-лицейі базасында «Алтын қазына» көркем және сәндік қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге қалалық, аудандық білім бөлімдерінен барлығы 41 оқушы қатысып, 21 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен (І орын-7, ІІ орын-7, ІІІ орын-7) және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша: 1. «Тоқыма бұйымдарын дайындау» номинациясы бойынша: І дәрежелі диплом иегері: Боранбай Іңкәр – Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей , 7-сынып ІІ дәрежелі диплом иегерлері: Жұмағали Таңсұлу – Жалағаш ауданы, №117 орта мектеп;7-сынып ІІІ дәрежелі диплом иегері: Әріпбекқызы Ақторғын – Сырдария ауданы, №44 орта мектеп. 7-сынып

2. «Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу» номинациясы бойынша: І дәрежелі диплом иегерлері: Бектасқызы Жансая – Жалағаш ауданы, №201 мектеп-лицей, 8-сынып ІІ дәрежелі диплом иегерлері: Төрахметұлы Абылайхан – Арал ауданы, №2 ОДМИ, 8-сынып ІІІ дәрежелі диплом иегері: Тұрсынбай Талғат – Қазалы ауданы, №216 орта мектеп, 6-сынып.

3. «Шыныны көркемдеп өңдеу» номинациясы бойынша: І дәрежелі диплом иегері: Өміртай Нұржайна – Жалағаш ауданы, №201 мектеп-лицей, 10-сынып ІІ дәрежелі диплом иегерлері: Сұлтанахмет Салтанат – Қызылорда қаласы, №267 орта мектеп, 10-сынып ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: Қарашов Аслан – Қармақшы ауданы, Е.Көшербаев атындағы №279 мектеп-лицей, 9-сынып.

4. «Металды көркемдеп өңдеу» номинациясы бойынша: І дәрежелі диплом иегері: Әніс Шыңғыс – Қызылорда қаласы, №197 орта мектеп, 9-сынып ІІ дәрежелі диплом иегерлері: Қарғабай Назерке – Жалағаш ауданы, №201 мектеп-лицей, 10-сынып ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: Әділбекұлы Алишер – Сырдария ауданы, Т.Қозыбаев атындағы №131 орта мектеп, 8-сынып

5. «Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау» номинациясы бойынша: І дәрежелі диплом иегері: Қадырбай Маенна – Жалағаш ауданы, №123 мектеп-лицей, 11-сынып ІІ дәрежелі диплом иегерлері: Әділбек Еркеназ – Қызылорда қаласы, Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназия, 9-сынып ІІІ дәрежелі диплом иегері: Каден Көркем –Шиелі ауданы, №157 орта мектеп, 6-сынып

6. « Қағаздан бұйым жасау» номинациясы бойынша: І дәрежелі диплом иегері: Молдабаева Үміт – Қармақшы ауданы, №277 мектеп-лицей, 8-сынып ІІ дәрежелі диплом иегерлері: Алмасбек Бағжан – Жалағаш ауданы, №201 мектеп-лицей, 9-сынып ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: Темірбек Асылжан – Қызылорда қаласы, Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектеп, 6-сынып

7. «Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы» номинациясы бойынша: І дәрежелі диплом иегерлері: Қуантқан Сабина – Қазалы ауданы, Қазалы аудандық оқушылар үйі, 7-сынып ІІ дәрежелі диплом иегерлері: Амангельдиева Айзере – Қармақшы ауданы, №277 мектеп-лицей, 10-сынып ІІІ дәрежелі диплом иегері: Көшербай Әнуар – Жалағаш ауданы, №246 орта мектеп, 10-сынып Жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтаймыз!!




Comments


bottom of page