top of page

«АЛТЫН МИКРОФОН» БАЙҚАУЫНА АЛЫС ЖӘНЕ ЖАҚЫН ШЕТЕЛДЕН ӘНШІЛЕР КЕЛДІ


Қостанайда жиырмасыншы рет «Алтын микрофон» халықаралық байқауы өтіп жатыр.

Жас әншілердің дәстүрлі додасына Армения, Болгария, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстаннан 82 үміткер келді. Күміс көмейлер байқауы 7 жастан бастап 23 жасқа дейінгі әншілер арасында ұйымдастырылған. Қатысушылар ескі әуендермен қатар заманауи хиттерді жанды дауыспен орындауы шарт. Әндер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шырқалады. Жүзден жүйрік шыққандарға жыл бойы өтетін кез келген халықаралық байқаудың жолдамасы бұйырады. Конкурс облыстық «Жастар сарайында» үш күнге созылады. Жұма күні жеңімпаздар мен лауреаттар анықталып, соңы гала-концертпен түйінделеді.

Жеңіс Сейдоллаұлы, қазылар алқасының төрағасы:

– Өте мықты, ойластырылып ұйымдастырылған конкурс. Тек қана обылстық емес, облыстықтан республикаға шығып, енді қазір әлемдік деңгейге шығып жатыр. Жыл сайын деңгейі көтеріліп жастарымыз өсіп-өніп жатыр. Оған себеп кешегі мынау осы конкурстан шыққан Балуан Беркенов бар, Әміре бар.



Comments


bottom of page