Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастырумен 2022 жылдың 19 – 22 шілде аралығында Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы «Алматы облысының балалар – жасөспірімдер спорттық туризм және экскурсиялар» орталығының базасында «Менің Отаным-Қазақстан» туристік-экспедициялық жасақтарының облыстық слеті өтті. Слетке әр аудан, қаладан 9 команда қатысты.
«Менің Отаным-Қазақстан» туристік-экспедициялық жасақтарының облыстық слетының қорытындысы бойынша:
Жалпы командалық есепте
1. Жамбыл ауданы «Жамбыл тур»
2. Еңбекшіқазақ ауданы «Алтын Адам»
3. Қонаев қаласы «Қонаев қырандары»
Слетқа қатысушы командалар білім басқармасының 1,2,3 дәрежелі дипломдары және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Comments