top of page

АЛМАТЫДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ТАЛҚЫЛАНАДЫ



Алматы қаласында 2022 жылғы 20-21 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы білім беру үдерісіне қатысушыларға тиімді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің инновациялық технологиялары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференцияға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, Қазақстан мен Ресейдің ЖОО-ның ректорлары мен оқытушылары, білім басқармасының басшылары, оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлері, білім беру ұйымдарының педагог-психологтері, ювеналды полиция инспекторлары қатысады.

Кездесу барысында екі мемлекеттің ғалымдары мен практиктері білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықтың алдын алу тәсілдерін анықтау үшін инновациялық психологиялық-педагогикалық идеяларды, технологияларды, тәжірибелер мен әзірлемелерді қолданудың түрлі әдістерін талқылайды.

«Заманауи технологиялар мен жетістіктер» диалог алаңы (озық тәжірибені тарату) аясында психологтің жұмысындағы кең ауқымды мәселелерді шешудегі тәжірибелік тәсілдер мен тиімді құралдарға арналған шеберлік сағаттары ұсынылады.

Секциялық отырыстарда кәмелетке толмағандар арасындағы суицид проблемаларына, дарынды балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық сүйемелдеуге, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға өмірге төзімділік дағдыларына, балалар мен ата-аналар коммуникациясының тәжірибелік технологияларына, қазіргі мектептегі сыни ойлау және эмоционалдық зияткерліктің қалыптасуы мен дамуына ерекше назар аудару жоспарлануда.

Бұл конференция республика бойынша оқыту семинарлары, форумдар мен дөңгелек үстелдердің бастамасы болмақ. Ұйымдастырушылардың пікірінше, конференция материалдары білім беру ұйымдарының психологтері мен психологиялық қызметтерінің жұмысын жетілдіруде, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыруда әдістемелік құрал болып табылмақ

Comentários


bottom of page