"Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени - ағарту жобасы аясында 2023 жылғы 22 қыркүйекте Қамысты ауданының балалар музыка мектебінде "Мәңгілік ел және Ұлы дала құндылықтары"атты дөңгелек үстел түрінде іс – шара өткізілді.
Балалар педагогтармен (О.А. Колдаева Губайдуллина А. Ы.) ұлттық тарих мәселелерін қозғады, қазақ музыкалық мәдениетінің өкілдерін еске алды: ақындар, жыраулар, салдар.
Ақындарға ерекше көңіл бөлінді. Оқытушылар балаларды Қостанай облысының танымал ақындарының есімдерімен және олардың шығармашылығымен таныстырды: Әсем Қажиева, Аманжол Алтаев , Айнұр Тұрсынбаева және т.б. танымал қостанайлық ақын Әсем Қажиевамен онлайн сұхбат ұйымдастырылды.
Әсем Қажиева-Қостанай облысының танымал ақыны. Қазақстан Республикасының белгісімен марапатталған. 1987 жылы Қостанай облысының Жангелдин ауданында, Сага кентінде дүниеге келген. Жақында Әсем Қажиева Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған айтыста 1 орын алды.
Дөңгелек үстел соңында Қамысты ауылының жергілікті ақындары (М.Байзақов, Байжан А. А.) айтыс өнерінде өз шеберліктерін көрсетті. Менің ойымша, мұндай кездесу музыка мектебінің оқушылары үшін қазан айында өтетін конкурстық жарысқа тамаша бастама болады.
Comments