Елімізде жаңа оқу жылынан бастап «Айбынды жас сарбаз - егемен ел ертеңі» атты жас сарбаздармен кездесулер легі өз бастамасын алды.
Осындай кездесу Алматы облысы, Талғар қаласы, N3 орта мектебінің жас сарбаздарымен өтті.
Еркін форматтағы кездесу қонақтарына әскери-патриоттық тәрбиенің ошағына айналған, «Жас Сарбаз» Республикалық әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы - Меңдіғалиев Мейірбек Оразұлы мен қозғалыстың серіктесі - Ассамблея жастары бірлестігінің төрағасы Джумурбав Тимур Ғабдулұлына талғарлық жас сарбаздар көкейкесті сұрақтарға жауап алынып, келген қонақтардың ағалық ақ тілегімен аяқталды.
Бұл кездесу әскери-патриоттық тәрбие жерге, елге, ұлтқа бөлінбейтінінің тағы бір айқын көрінісі.
Comments