Шілденің 23-і күні облыстық тарихи-өлкетану музейіне Абай облысыны әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков арнайы келіп, музеймен танысты. Музей директоры Қайрат Сабырбаев музей залдарына қысқаша экскурсия жүргізіп, кітапханамен,құнды коллекциялармен және мамандардың жұмыс бөлмелерімен танысты. Экспозициялармен танысу барысында Шалқар Заманбекұлы арғы-бергі тарихтан сыр шертетін бірнеше этнографиялық бұйымдарға жіті зер сала отыра,жәдігерлер тарихына байланысты бірер сұрақтарын қойып,тұшымды жауаптар алды. Сондай-ақ, Шалқар Байбековке мұражай өмірінің түрлі салаларындағы жетістіктері туралы да айтылды. Кездесу барысында Шалқар Заманбекұлы музей аумағын аралап көрді, сонымен қатар бірқатар өзекті мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, кітапхана қорындағы сирек кітаптар қорының сандық құжаттамаға көшірілуі,жәдігерлердің сақталуын жақсарту бағыты мен музей ғимаратын жөндеу секілді қордаланған мәселелердің шешімін табуға өз қолдауын білдіретінін жеткізді.
top of page
bottom of page
Commentaires