Абай облысында дәстүрлі әннің дүлдүлі Әсет Найманбаев атындағы «Інжу-маржан» республикалық байқауының жүлдегерлері анықталды.
Жас дәстүрлі әншілер 2 күн бойы Әсеттің әндерін әуелетті. Аймақта алғаш рет өткен сайыста сазгердің 30-ға тарта туындысы шырқалды. 20-ға жуық әнші дара тұлғаның кең тынысты әуендерін нақышына келтіріп орындады. Байқаудың бас жүлдесін алматылық Сатыбалды Мағжан иеленді.
Нұржан Жанпейісов, қазылар алқасының төрағасы:
- Әсеттің әндері бұл қазақ ән өнерінің ішіндегі ерекше әндер. Бұл әндерді айтушылар да аздың санатында. Өйткені бұл Әсеттің әні өзі айтпақшы: «Бозбала осы әнімді үйренерсің. Ырғаққа келтіре алмай, күйзелерсің». Расында да, Әсеттің әнін айту үшін де әр әншіге асқақ дауыс керек. Асқан шеберлік керек.
Comments